2026 жылғы наурыз айында Ұлттық ғылыми онкология орталығы стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдарға арналған ұлттық стандарттарға сәйкестігі бойынша аккредитациядан сәтті өтті.

Аккредитация қорытындысы бойынша мекемеге 3 жыл мерзімге жоғары санат берілгені туралы куәлік табысталды.

Аталған стандарттар медициналық қызметтердің жоғары сапасын, пациенттердің қауіпсіздігін, тиімді ішкі бақылауды қамтамасыз етуге және медициналық ұйымның қызметін үздіксіз жетілдіруге бағытталған.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық және халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келетін, Қазақстанның жетекші медициналық орталығы ретінде дамуын жалғастыруда.