Ғылыми менеджмент бөлімі Ұлттық ғылыми онкология орталығының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін үйлестіреді, жобаларды идеяны әзірлеуден бастап нәтижелерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бөлім қызметі зерттеулер сапасын арттыруға, жарияланымдық белсенділікті дамытуға және гранттық қаржыландыруды тартуға бағытталған.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Пак Лаура Алексеевна
MD, PhD, қауымдастырылған профессор
MBA «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»
ORCID: 0000-0002-5249-3359
H-index – 4
|
Мамандығы
|
Онкология, оның ішінде балалар онкологиясы;
|
|
Білімі (ЖОО, бітірген жылы) |
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, 2010 жыл.
|
|
Жұмыс орны (жұмысқа кіріскен уақыты, бөлімше, мекеме мекенжайы) |
«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС.
|
|
Лауазымы
|
Ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі басқарушы директор.
|
|
Еңбек өтілі (лауазымы, жұмыс орны, жылдары)
|
2026 жылғы мамыр–желтоқсан аралығы — «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС Радиациялық технологиялар орталығының тераностика бөлімшесінің радионуклидтік терапия секторының аға ординаторы. 2025 жылғы қазан–2026 жылғы мамыр аралығы — «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС ғылыми хатшысы. 2021 жылғы қыркүйек–2024 жылғы қыркүйек аралығы — проф. Д.Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының меңгерушісі. 2020 жылғы қыркүйек–2021 жылғы тамыз аралығы — «Семей медицина университеті» КеАҚ инновациялық білім беру департаментінің директоры. 2019 жылғы маусым–2020 жылғы тамыз аралығы — «Семей медицина университеті» КеАҚ Медицина мектебінің деканы. 2016 жылғы қыркүйек–2018 жылғы тамыз аралығы — ШҚО ДСБ «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК мамандандырылған медициналық бақылау бөлімшесінің дәрігер-онкологы. 2013 жылғы қыркүйек–2019 жылғы тамыз аралығы — «Семей медицина университеті» КеАҚ клиникалық және радиациялық онкология кафедрасының ассистенті. |
|
Қосымша кәсіби білім беру (интернатура, резидентура, докторантура, кәсіби қайта даярлау, біліктілікті арттыру: оқу жылдары, берілген біліктілік)
|
2023–2025 — «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», Almaty Management University MBA бағдарламасы. 2013–2016 — 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантура, «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілген. Оқу базасы: Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. 2011–2013 — «Онкология, оның ішінде балалар онкологиясы» мамандығы бойынша резидентура, онколог дәрігер біліктілігі берілген. Оқу базасы: Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. 2010–2011 — «Терапия» мамандығы бойынша интернатура, терапевт дәрігер біліктілігі берілген. Оқу базасы: Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. |
|
Біліктілікті арттыру / тағылымдамалар
|
2025 жылғы 4–10 мамыр — Salzburg seminars “Oncology A: Breast cancer and uterine cancer”, Зальцбург, Австрия. 18.07–17.08.2023 — Ядролық медицина бөлімі, “The use of new radiopharmaceuticals in the diagnosis and treatment of cancer patients”, Nagasaki University Hospital, Нагасаки, Жапония. 18.10–23.10.2021 — Медициналық білім беру бөлімі, School of Medicine, Baskent University, “Topical issues of medical education”, Түркия. 2018 жылғы 10–14 желтоқсан — Salzburg seminars “Oncology B: Soft tissue, Bone, and Skin malignancies”, Зальцбург, Австрия. 2018 жылғы 30 қараша — International Symposium for Musculoskeletal Tumors: “Advances in Sarcoma Treatment”, Balgrist University Zurich, Цюрих, Швейцария. 14.05–22.06.2018 — Management and leadership in Nazarbayev University, Астана, Қазақстан. 2018 жылғы 25–27 мамыр — International school of endocrinology and endocrine surgery, Санкт-Петербург, Ресей. 2017 жылғы 26 наурыз–03 сәуір — Salzburg seminars “Oncology of digestive tract”, Зальцбург, Австрия. 10.11–08.12.2018 — Medical Oncology and HIPEC, University Hospital Zurich, Цюрих, Швейцария. 11.06–30.10.2018 — Management and leadership, Graduate School of Education & School of Medicine, Nazarbayev University, Астана, Қазақстан. 30.10–30.11.2017 — Radiation oncology. Nuclear medicine. Department of Radiation Oncology and Nuclear Medicine, Saint-Louis University Hospital, АҚШ. 05.12–16.12.2016 — «Ас қорыту жүйесі, урология және маммология ісіктерін диагностикалау мен емдеудің әдістері мен қағидаттары», Тэгу, Корея. 05.01–24.03.2015 — Clinical Oncology, Department of General Surgery, Odha Hospital, Izumo Medical University, Идзумо, Жапония. |
|
Маманның біліктілік санаты (жоғары, бірінші, екінші, санаты жоқ)
|
Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина).
Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер).
Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер) мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты.
|
|
Ғылыми дәрежесі (академик, профессор, доктор наук, доцент, associate professor, кандидат наук, PhD, нет степени)
|
PhD, қауымдастырылған профессор.
|
|
Соңғы 10 жылдағы клиникалық зерттеулерге қатысуы
|
2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі), ИРН AP23488193 — «Қазақстанда клиникалық-патологиялық және молекулалық жеке сипаттамаларды ескере отырып, радиойодрезистентті қалқанша безі обырын жүргізу жүйесін оңтайландыру». Жоба жетекшісі. 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі), ИРН BR10965164 — «Онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу». Бас ғылыми қызметкер. Дені сау еріктілердің қатысуымен дәрілік препараттардың салыстырмалы фармакокинетикасы мен биоэквиваленттілігін зерттеуге арналған ашық, рандомизацияланған, айқаспалы, екі кезеңді зерттеу. (Препараттардың атауы құпия). «Сүт безі обыры бар пациенттер мектебі», Pfizer компаниясының жобасы. The Every Woman Study™ - Low- and Middle-Income Edition (2022): Identifying Challenges and Opportunities to Improve Survival and Quality of Life for Women with Ovarian Cancer, 2022–2024. Сүт безі обыры кезінде гипофракцияланған сәулелік терапия бойынша халықаралық көпорталықты зерттеу (2015–2017 жж., ҚР БҒМ жобасы) — жетекші ғылыми қызметкер. «3D визуалды бақыланатын брахитерапияны енгізу арқылы жатыр мойны обырының жергілікті таралған түрлеріне сәулелік терапияны оңтайландыру» (2018–2020 жж., ҚР БҒМ Ғылым комитеті) — жетекші ғылыми қызметкер.
|
|
Тілдерді білуі
|
Мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі. |
|
Қосымша ақпарат |
2025 жыл — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты. 2023 жыл — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы сертификат иегері. 10.04.2019–10.04.2024 жылдар аралығында «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» КЕҰ сарапшысы. Куәлік №1034. «Еуразиялық аккредиттеу және білім мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы» КЕҰ сарапшысы. 2018 жылдан бастап «Ғылым және денсаулық сақтау» рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журналының тәуелсіз сарапшысы, Семей медицина университеті. 2015 жылдан бастап Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Тәуелсіз емтихан орталығының тәуелсіз сарапшы-тестологы. |





