Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, жаһандық онкологиялық қауымдастықтың бір бөлігі болуға ұмтылуда. 2019 жылдан бері Орталық әлемнің 30-дан астам жетекші клиникалары және ғылыми институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Біздің серіктестеріміз Ресей, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Жапония, Франция, Үндістан, Беларусия, Әзербайжан, Украина, Дания, Ұлыбритания және басқа елдерде орналасқан.
Бірлескен бағдарламалар тәжірибе алмасуды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, мамандарды оқытуды және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде озық технологияларды енгізуді қамтиды.
Біз жаңа әріптестікке ашықпыз және онкология ғылымын дамыту мен медициналық көмектің сапасын арттыру үшін нәтижелі ынтымақтастыққа дайынбыз.