Ғылыми кеңес Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы

Ғылым прогрестің кілті болса, медицина адам өмірінің сақшысы. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының Ғылыми кеңесі жетекші мамандарды, зерттеушілерді және дәрігерлерді бірігіп, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу жолдарын іздеуде.

Біздің мақсатымыз

Біз ғылымды тек зерттеп қана қоймай, оны нақты клиникалық тәжірибеге енгізуді мақсат етеміз, осылайша науқастар заманауи әрі тиімді ем алып, өмір сапасы артады. Біз онкология, протон терапиясы, ядролық медицина және трансплантология саласындағы маңызды мәселелерді талқылап, зерттеу нәтижелерін сараптаймыз және медицинада жаңа технологияларды қолдануды қамтамасыз етеміз.

Біз қандай көмек көрсетеміз:
  • Ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтаймыз
  • Онкологиялық жобалардың дамуын талдап, бағыт-бағдар береміз
  • Диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгіземіз
  • Дәрігерлер үшін білім беру бағдарламаларын әзірлейміз
  • Халықаралық ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты нығайтамыз
Дәстүр мен жаңашылдық

Ғылыми кеңес 2019 жылы құрылған сәттен бастап 39 отырыс өткізді. Олардың әрқайсысы жаңа зерттеулер мен медициналық көмекті жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды. Біз ғылым мен практика арқылы адамдардың тағдырын өзгертуге болатындығына сенеміз.

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес – бұл тек кездесулер мен талқылаулар ғана емес. Бұл идеялар, шешімдер мен ғылыми ізденістердің жанданған алаңы. Біз медицинаның ертеңі бүгінгңден де тиімді болу үшін еңбек етеміз. Әр қадамымыз – денсаулық, өмір және үмітке қарай жасалған қадам.

Құрамы
Манатова Альмира Манатқызы
Ғылыми хатшы
Құжаттар
Состав Ученого совета
ПОЛОЖЕНИЕ об Ученом совете