Құрметті келушілер, сіздерді шын жүректен қарсы аламыз!
Ұлттық ғылыми онкология орталығы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ғылыми зерттеулерді, медициналық тәжірибені және инновациялық технологияларды біріктіретін бірегей кластер ретінде құрылды. Орталықтың басты мақсаты – еліміздің онкологиялық қызметін дамыту, заманауи ғылыми жетістіктер мен ең үздік медициналық тәжірибелерді халыққа қолжетімді ету.
Бүгінгі таңда біздің орталық еліміздің онкология саласында жетекші медициналық мекеме болып табылады. Біз пациенттерімізге халықаралық стандарттарға сай толыққанды диагностика мен тиімді емдеу қызметтерін ұсынамыз.
Сұрақ қою
Орталықтың басым бағыттары, заманауи диагностикалау мен емдеу әдістері, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар жайлы ақпаратты біздің ресми сайтымыздан таба аласыздар. Қазақстандағы онкологиялық көмек мәселелері, өзекті тенденциялар мен жаңа жетістіктер туралы да толық мағлұмат алуға болады.
Онкологиялық қызметті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және медициналық көмектің сапасын арттыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Біз әрдайым диагностика мен емдеуді барынша қолжетімді етуге, медициналық ақпаратты халыққа түсінікті әрі пайдалы түрде ұсынуға ұмтыламыз.
Біз диалогқа ашықпыз және азаматтардың денсаулығы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды, және Орталықтың жұмысына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен, Бүркітбаев Жандос Қонысұлы
Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы