Жергілікті биоэтика комиссиясы

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ҰҒОО» ЖШС) тәуелсіз сараптамалық органы болып табылады. Ол биомедициналық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және аяқтау кезеңдерінде құқықтарды қорғауды жүзеге асырады, сондай-ақ биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құжаттарға биоэтикалық сараптама жүргізеді. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ халықаралық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

Комиссияның негізгі мақсаты – клиникалық және медико-биологиялық зерттеулерге, тәжірибелерге қатысатын зерттелушілердің (пациенттер мен еріктілердің) және зерттеушілердің құқықтарын, абыройын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ клиникалық зерттеу материалдарына моральдық-этикалық және құқықтық баға беру.

Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- Зерттеуді жоспарлау және жүргізу кезеңдерінде адамның қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- Ғылыми-техникалық бағдарламалар, бастамашылық (диссертациялық) жұмыстар, ғылыми жобалар (халықаралық ұйымдардың қатысуымен қоса алғанда), ғылыми жарияланымдар аясында жүргізілетін клиникалық зерттеулер материалдарына этикалық және құқықтық сараптама жүргізу;

- Биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу.

- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия туралы ереже

- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы

- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның тәуелсіз сарапшылары

- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия отырыстарының кестесі

- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның күнтізбелік жоспары

- Комиссияның жылдық есептері

- Бекітілген стандартты операциялық рәсімдердің тізімі

- Клиникалық зерттеулер бойынша бекітілген стандартты операциялық рәсімдердің тізімі

- Клиникалық зерттеу / сынақ (ДЗ) сараптамасына арналған құжаттар тізімі

- Клиникалық ҒЗЖ сараптамасына арналған құжаттар тізімі

- Жаңа технологияларды сараптауға арналған құжаттар тізімі

- Эксперименттік ҒЗЖ сараптамасына арналған құжаттар тізімі

Сараптамаға құжаттар тізімі
  1. Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия төрағасының атына жазылған өтініш (нысанды жүктеу);

  2. Зерттеуші толтырған өтінім нысаны, қосымшаға сәйкес нысан бойынша (нысанды жүктеу);

  1. Жобаның қысқаша мазмұны (синопсис), түсінікті тілде баяндалған;

  2. Клиникалық зерттеу хаттамасы (түпнұсқа немесе көшірме), демеуші немесе оның уәкілетті өкілі және зерттеуші қол қойған (нысанды жүктеу);

  3. Зерттеуге қатысушылардың ақпараттандырылған келісім нысаны мемлекеттік және орыс тілдерінде (нысанды жүктеу);

  4. Деректер жинауға арналған барлық сауалнамалар мен басқа нысандар (жеке тіркеу карталары) мемлекеттік және орыс тілдерінде;

  5. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды немесе медициналық техниканы қолдану жөніндегі нұсқаулық (жоба);

  6. Зерттеушінің түйіндемесі, оқу курстарынан, соның ішінде Good Clinical Practice/Good Laboratory Practice курстарынан өткенін растайтын сертификаттар (нысанды жүктеу);

  7. Клиникалық сынақтарға арналған зерттеушінің брошюрасы (нысанды жүктеу);

  8. Демеушілермен жасалған келісімшарт және жобаның бюджеті (қолданылса);

  9. Қатысушыларды сақтандыру шарты;

  10. Зерттеудің басқа құжаттары

- Зерттеу хаттамасына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінім нысаны (нысанды жүктеу);

- Сыртқы / көпорталықты / халықаралық / клиникалық зерттеулерге сараптама жүргізу «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітілген баға прейскурантына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар қағаз және электрондық нұсқада ұсынылады.

Құрамы
Батырбеков Канат Умирзакович

Комиссия төрағасы, PhD, доцент (ассоциирленген профессор)

Сагандыков Ирлан Нигметжанович

Төрағаның орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты (к.м.н.)

Сыздыкова Дана Маргулановна

Комиссия хатшысы, ғылыми менеджмент бөліміне жетекші маман

lkb.nroc@gmail.com

Құжаттар
Состав ЛКБ
Положение по ЛКБ