Ұлттық Ғылыми онкология орталығына науқастарды жатқызу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №ҚР-ДСМ-27 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Стационарға жату үшін пациентке жолдамада көрсетілген күні және уақытта қабылдау бөліміне келу қажет. Қолында профильдік маман тағайындаған тексеру нәтижелері болуы міндетті.
Маңыздысы, медициналық жолдамамен талдауларды қағаз түрінде алып келу – бұл « Госпитализация бюросы» порталының немесе DamuMed электрондық жүйелерінің жұмысында ақау болса, күтпеген жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Сонымен қатар, консультативтік парақта профильдік бөлімшеге госпитализацияға келу уақыты нақты көрсетілуі мүмкін.